Меню
Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 54
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада тау-кен кәсіпорнының нақты өндірістік жағдайларында жүргізілген RD-D1+ интеллектуалды қорғаныш каскалары жүйесінің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарының нәтижелері ұсынылған. Зерттеу нысаны GSM/GPRS байланыс модульдерімен, GPS/BeiDou навигациясымен, кіріктірілген телеметриялық датчиктермен және диспетчерлік мониторингтің бағдарламалық платформасымен жабдықталған интеллектуалды қорғаныш каскалары негізіндегі персоналды цифрлық мониторингтеу жүйесі болып табылады. Зерттеудің мақсаты өндірістік процестер барысында жүйенің жұмыс қабілетін, сенімділігін және функционалдық тиімділігін бағалау, сондай-ақ оны өнеркәсіптік объектілерде кеңінен енгізу мүмкіндігін анықтау болды. Зерттеу әдістемесі жабдықты орнату және баптауды, құрылғыларды ақпараттық жүйеде тіркеуді, байланыс пен навигация арналарына далалық сынақ жүргізуді, телеметриялық және оқиғалық деректерді талдауды, сондай-ақ мониторинг нәтижелерін камералдық өңдеуді қамтыды. Сынақ нәтижелері GSM/GPRS арналары арқылы деректердің тұрақты берілуін, металл конструкциялар мен жабық кеңістіктерде позициялау дәлдігінің күтілетін төмендеуіне қарамастан навигациялық жүйенің сенімді жұмысын, оқиғалардың дұрыс тіркелуін және фото-бейне тіркеу модульдерінің тұрақты жұмысын растады. Алынған нәтижелер интеллектуалды қорғаныш каскаларын персоналды үздіксіз мониторингтеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру, еңбек қауіпсіздігін басқару процестерін цифрландыру және өндірістік кәсіпорындардың цифрлық трансформациясын қолдау мақсатында қолданудың тиімділігін көрсетті. Зерттеу нәтижелері ұсынылған жүйенің тау-кен, мұнай-газ және басқа да өнеркәсіп салалары кәсіпорындарында енгізуге технологиялық тұрғыдан дайын екенін дәлелдейді.