Материалды жариялауға ұсыну үшін журналдың ресми веб-сайтына кіріп, тіркелуіңіз қажет.
Материалды жариялауға ұсыну үшін келесі құжаттарды жүктеу қажет:
- Мақаланың толық мәтіні.
- Ілеспе хат.
- Антиплагиат үшін төлем туралы түбіртек.
Материалды жіберер алдында мақаланың толық мәтіні мен ілеспе хаттың бар екеніне көз жеткізіп, құжаттардың төмендегі журнал талаптарына сәйкестігін тексеріңіз:
- Қолжазба «Авторларға арналған нұсқаулықта»белгіленген талаптарға сәйкес рәсімделген.
- Ұсынылған қолжазба автордың (авторлар ұжымының) түпнұсқа ғылыми еңбегі болып табылады, бұрын жарияланбаған және басқа ғылыми басылымдарға қарауға ұсынылмаған.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі тексеріліп, барлық библиографиялық деректердің толықтығы мен дұрыстығы қамтамасыз етілген. DOI және ISSN нөмірлері тиісті ақпарат көздеріне сәйкес көрсетілген.
- Қолжазбадағы барлық графикалық материалдар (кестелер, суреттер, сызбалар және диаграммалар) белгіленген тәртіппен нөмірленіп, қажетті атаулармен рәсімделген.
- Қолжазбада қоса авторлар ретінде көрсетілген барлық тұлғалар авторлар құрамына және қолжазбаның соңғы нұсқасына келісетінін растаған.
Ескерту. Қолжазбаларды электрондық қабылдау жүйесімен жұмыс істеу жөніндегі қадамдық мәтіндік нұсқаулық пен бейненұсқаулық журналдың ресми веб-сайтында орналастырылған.
Жүйеге материал жіберу
- kaztbu.edu.kz сайтына кіріңіз — кіргеннен кейін «Жаңа материал» түймесі бар «Жіберілген материалдар» бөлімі ашылады.
- «Жаңа материал» түймесін басыңыз — 5 қадамнан тұратын жіберу шебері ашылады: «Бастау», «Материалды жүктеу», «Метадеректерді енгізу», «Растау», «Келесі қадамдар».
1-қадам. Бастау
- Материал тілін таңдаңыз (мысалы, «Орыс тілі»).
- Жіберілетін материалға қойылатын талаптарды тексеріп, барлық тармақтарды белгілеп шығыңыз (материал бұрын жарияланбаған және басқа журналға жіберілмеген; файл OpenOffice, Word немесе RTF форматында ұсынылған; сілтемелердің толық интернет-мекенжайлары көрсетілген; мәтін қаріп, интервал, сілтемелер және т. б. талаптарға сай рәсімделген).
- Деректерді жинау және сақтауға келісім белгісін қойыңыз.
- «Сақтау», содан кейін «Жалғастыру» түймесін басыңыз.
2-қадам. Материалды жүктеу
- Мақала файлын Word форматында жүктеңіз.
- Жүктегеннен кейін файл түрін көрсетіңіз — «мақала мәтіні».
- «Сақтау», содан кейін «Жалғастыру» түймесін басыңыз.
3-қадам. Метадеректерді енгізу
- Мақаланың атауын (тақырыбын) үш тілде енгізіңіз.
- Мақалаға аннотация енгізіңіз.
- Түйінді сөздерді енгізіңіз.
- «Сақтау», содан кейін «Жалғастыру» түймесін басыңыз.
4-қадам. Растау
- «Материалды жіберуді аяқтау» түймесін басыңыз.
Нәтиже
Материал сәтті жіберілді — сіз «Келесі қадамдар» бетіне өтесіз, онда өтінімнің қаралу барысы туралы қосымша ақпаратты көре аласыз.
