Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 63

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОСАБАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ АЛТЫН МЕН ІЛЕСПЕ КОМПОНЕНТТЕРГЕ ІЗДЕУ-БАҒАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ІЗДЕНУ ДЕҢГЕЙІ

Авторлар

  • А.Т. Тұрғали

    Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
    https://orcid.org/0009-0006-9009-4187
  • Қ.Ә. Қожахмет

    Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
    https://orcid.org/0000-0003-1339-7193
  • Ф.М. Исатаева

    Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
    https://orcid.org/0000-0001-6208-3292
  • А.Г. Гусманова

    Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
    https://orcid.org/0000-0002-3163-153X

Кілтті сөздер

алтын-күміс кеніші, геологиялық құрылым, тектоника, интрузиялық түзілімдер, жарылыс құрылымдары, болжамды ресурстар

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОСАБАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ АЛТЫН МЕН ІЛЕСПЕ КОМПОНЕНТТЕРГЕ ІЗДЕУ-БАҒАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ІЗДЕНУ ДЕҢГЕЙІ. (2026). Тау-кен және мұнай-газ ісі, 1(32). https://doi.org/10.58805/mogs.V.1(32)-20

Аңдатпа

Мақалада Қарағанды облысының Шет ауданында орналасқан Жосабай учаскесінің зерттеу аумағы бойынша геологиялық құрылысы, тектоникалық және магмалық ерекшеліктері жөніндегі материалдар қарастырылған. Аталған аумақ Орталық Қазақстанның алтын кендену мамандануы бойынша ең перспективалы өңірлерінің бірі болып табылады. Орталық Қазақстан - вулканогенді-гидротермалдық белсенділік пен интрузивтік үдерістермен байланысты алтын-күміс және полиметалдық кен орындары кең таралған ірі металлогендік аймақ. Зерттеудің мақсаты - Жосабай учаскесінің стратиграфиясын, интрузивтік түзілімдерін және жарылымдық бұзылыстарын зерттеу негізінде алтын және ілеспе компоненттерге бағытталған іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізуге алғышарт жасау. Жүргізілген талдау алтын-күміс және полиметалдық типтегі кенденумен байланысты кен денелерінің құрылысы, құрамы және кеңістіктік таралу ерекшеліктерін нақтылауға мүмкіндік берді. Минералданудың қалыптасуы көп кезеңді магматизммен, екіншілік кварциттердің дамуымен және қарқынды гидротермалдық-метасоматоздық үдерістермен байланысты екені анықталды. Бұрын жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижелері талданып, олардың барысында қорғасын мен мырыш қоры есептелгені, сондай-ақ алтын мен күмістің тұрақты мөлшерлері анықталғаны көрсетілді. 1960-жылдары кен орны резервтік нысандар қатарына жатқызылғанына қарамастан, учаске қалдық және баланстан тыс қорлардың болуымен, сондай-ақ тектоникалық белсенді аймақтар шегінде жасырын кен денелерін анықтау мүмкіндігімен байланысты елеулі әлеуетін сақтап отырғаны дәлелденді. Жосабай учаскесінің кендік әлеуетін қайта бағалау және оның металлогендік моделін нақтылау үшін заманауи геологиялық-геофизикалық және геохимиялық әдістерді қолданудың мақсатқа сәйкестігі негізделді.

Алынған деректер Жосабай учаскесінің алтын-күміс кенденуінің контурларын нақтылау және асыл металдардың болжамдық ресурстарын есептеу мақсатында одан әрі іздеу-бағалау және барлау жұмыстарын жүргізуге перспективалы екенін растайды. Зерттеу нәтижелері Қарағанды облысы аумағындағы Жосабай кен орнын болжау мен бағалаудың әдістемелік тәсілдерін жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.