Articles

Том 1 № 32 (2026) / 2026-09-30 / Көрілім саны: 55

АРНАЙЫ РЕАГЕНТТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, УРАНДЫ ЖЕРАСТЫ СІЛТЕЛЕУ КЕЗІНДЕ ҰҢҒЫМАЛАРДЫҢ ЖӨНДЕУ АРАЛЫҚ ЦИКЛІН ҰЛҒАЙТУ

Авторлар

Кілтті сөздер

уранның ұңғымаларын шаймалау, колматация, арнайы реагент, кальций иондары, технологиялық ұңғымалар, жөндеу аралық цикл

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

АРНАЙЫ РЕАГЕНТТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, УРАНДЫ ЖЕРАСТЫ СІЛТЕЛЕУ КЕЗІНДЕ ҰҢҒЫМАЛАРДЫҢ ЖӨНДЕУ АРАЛЫҚ ЦИКЛІН ҰЛҒАЙТУ. (2026). Тау-кен және мұнай-газ ісі, 1(32). https://doi.org/10.58805/mogs.V.1(32)-13

Аңдатпа

Қазақстан Республикасында уран өндірудің барлық көлемі жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияның негізгі проблемаларының бірі-сүзгілердің және технологиялық ұңғымалардың сүзгі аймағының колматациясы нәтижесінде ұңғымалардың жөндеу аралық циклінің төмендеуі. Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының қолданыстағы әдістері қажетті нәтиже бермейді, яғни кейбір жағдайларда - шамалы ғана болса, басқаларында - нәтижелер қысқа мерзімді. 

Жұмыстың мақсаты - технологиялық ұңғымалардың жөндеу аралық цикліне ингибитор түріндегі арнайы реагенттің әсерін теориялық негіздеу және зерттеу болып табылады.

Еріткіш ингибиторын қолдана отырып жүргізілген теориялық және зертханалық зерттеулер кальций иондарының еру дәрежесінің жоғарылауын дәлелдеді, бұл сүзгілер мен сүзгі аймағының колматациясының түзілуін төмендетуге ықпал етеді. Кальций иондарының еру дәрежесінің уранды шаймалау сатысында шаймалау ерітіндісіне енгізілетін ингибитордың концентрациясына, сондай-ақ технологиялық ұңғымалардың жөндеу аралық циклінің өзгеруіне тәуелділігі анықталды. Кальций иондарының басым еруі ингибитордың 2% концентрациясында байқалды.

Уран кенішіндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар ұңғымаларда жөндеу аралық жұмыс циклін 30% - ға дейн ұлғаю арқылы уранды жерасты ұңғымалық шаймалау тиімділігінің артқанын көрсетеді.